Үйден түтін шығып жатқанын көрші көрген. Ол терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндіру қызметін шақырған. Мамандар бес минут ішінде келді.
Улы газдан уланған қыздар ауылдық ауруханаға жеткізілді. Бірақ олар ес жимастан қайтыс болды.
Қайғылы оқиға болған кезде балалардың әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге шығып кеткен.







