Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясы Алматыда семинар өткізді

Алматыда 2022 жылдың 20 қарашасы өтетін кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауын өткізу мен оған дайындық мәселелері жөнінде семинар -жиын өтті. Бұл шараны ҚР Орталық сайлау комиссиясы Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

14.11.2022
Жаңалықтар

ОСК атап өткендей, басты  мақсат — алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру сәттерін жан-жақты  талқылау,  азаматтардың  өз сайлау құқықтарын  кедергісіз атқаруы үшін  қолайлы жағдай жасау.

Іс-шара Әлеуметтік қызметтер үйінің қабырғасында өтті. Оған прокуратура органдарының, қоғамдық ұйымдардың, штабтар мен партия өкілдері, сонымен бірге, БАҚ өкілдері мен ӨКҚ мамандары шақырылды.

«Жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және прокуратураның есептері тыңдалды. Сайлауға дайындық бойынша маңызды деген мәселелер талқыланып, жиын барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді», — деді Алматы қаласының сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Асанова қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясының учаскелерде сайлаушылармен бірге жұмыс істейтін учаскелік косиссия мүшелеріне оқыту іскерлік ойынын өткізіп жатқанын атап өтті.

Тағы бір атап өтетін жайт, Алматыда өз сайлау учаскеңізді тексеру үшін 1315 бірыңғай нөмірі құрылған. Барлық байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталық күн сайын, демалыс күндері де 8:00-20:00 аралығында істейді.

Өзін сайлаушылар тізімінен табу үшін алматылықтарға Open Almaty және білім басқармасының mapalmaty. kz мемлекеттік қызметтер порталына кіру немесе Telegram bot @almaty_sailau2022_bot арқылы табуға болады.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап берген ОСК өкілдері сайлаушылар қарапайым жеке куәлік, сондай -ақ, жеке бас куәлігінің электронды нұсқасы арқылы да дауыс беруге болатынын түсіндірді. Алайда суреттер мен сканерленген суреттер қабылданбайды. Электронды құжатты көрсету үшін eGov mobile қосымшасына немесе екінші деңгейлі кейбір банктер сервисіне кіріп, құжаттың QR-кодын көрсету керек.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz