Оның айтуынша, 8 сәуір күні ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізген. Кездесу барысында Қазақстан президенті Оңтүстік Кореямен ынтымақтастыққа жауапты арнайы кеңесші тағайындалатынын атап өткен.
Кан Хун Сик алдағы уақытта тараптар мұнай мен нафта жеткізу бағытынан бөлек, минералдық ресурстарды игеру, қалалық даму және өнеркәсіптік құрылыс салаларында да әріптестікті кеңейтуді көздеп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар, оның мәліметінше, Оңтүстік Корея 2026 жылдың соңына дейін Ормұз бұғазын айналып өту арқылы 273 млн баррель мұнай жеткізілімін қамтамасыз еткен. Энергиямен тұрақты қамту мақсатында қосымша 2,1 млн тоннаға дейін нафта жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея мұнай жеткізу бойынша Оман, Сауд Арабиясы және Қатар елдерімен де келіссөздер жүргізген.





