Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстандағы қазақ мектебіне жазушы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді

Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданындағы Қараманас ауылында орналасқан №34 мектепке көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026
Жаңалықтар

Бұл бастама Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қолдауымен және Ташкент облысы әкімінің шешімімен жүзеге асқан.

Осыған орай 2 қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс жазушының есімін ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтеді. Оған Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер мен әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, жазушының ұрпақтары, ұстаздар мен оқушылар қатысады деп жоспарланған.

Салтанатты жиында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, жаңартылған мектеп кітапханасы мен Рахметолла Райымқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған мемориалдық бұрыш ашылады.

Сонымен қатар білім ордасының кітапханасына қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары табысталады. Жазушының әдеби мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру мақсатында рухани-танымдық кеш өткізу де жоспарланып отыр.

Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы Қараманас ауылында дүниеге келген. Қаламгер шығармашылық жолында қазақ және өзбек әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлес қосып, екі халық арасындағы рухани байланысты нығайтуға қызмет етті.

Қараманас ауылындағы мектепке жазушы есімінің берілуі – туған жерінде оның әдеби мұрасын ұлықтаудың бір көрінісі. Сонымен қатар бұл бастама Қазақстан мен Өзбекстанға ортақ тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеп, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

«Біз екі адамның өміріне жауаптымыз»: Қонаевтағы акушер Замира Жуандықованың мамандыққа адалдық жолы

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

Өзбекстандағы қазақ мектебіне жазушы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

Құрылтайға ел тағдырын айқындайтын мәселерді шешуге қатысты аса ауқымды құзырет берілді – Президент

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Мемлекет басшысы

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz