Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстанда 28 маусым мен 5 шілде аралығында президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру өтіп жатыр

Елдің сайлау кодексіне сәйкес, сайлау күні, яғни 9 шілдеде тұрғылықты жері бойынша (іссапар, демалыс, емдеу, шетелге шығу және т.б.) бола алмайтын сайлаушыларға өз таңдауын мерзімінен бұрын жасауға мүмкіндік беріледі.

03.07.2023
Жаңалықтар

Мерзімінен бұрын дауыс беру сайлауға он күн қалғанда — 28 маусымда басталып, жалпы дауыс беру күніне үш күн қалғанда — 5 шілдеде аяқталады.

ОСК мәліметтінше, сайлау учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беру уақыты жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 11:00-ден 17:00-ге дейін.

Мерзімінен бұрын дауыс беруді жүзеге асыру үшін сайлаушы сайлау күні болмау себебін көрсете отырып, өтініш негізінде учаскелік комиссияда сайлау бюллетенін алады.

Тиісті учаскелік комиссияның кемінде екі мүшесінің қатысуымен сайлаушы сайлау бюллетенін сайлаушылар тізімінен алғанына қол қояды.

Сайлаушы бюллетеньді жасырын дауыс беру кабинасында толтырып, оны конвертке салып, жабыстырады.

Учаскелік комиссияның екі мүшесінің қолымен және комиссияның мөрімен расталған конверт 9 шілдеге дейін арнайы сейфте сақталады.

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 9 шілдеде мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау туралы жариялаған болатын.

Тегтер: Өзбекстанпрезидент сайлауы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Санэпидкомитет төрағасы Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz