Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Жаңа нысан жас әрі талантты спортшыларды қолдауға бағытталған. Кешен кәсіпкерлердің қолдауымен қысқа мерзімде бой көтерген.

Спорт кешенінің жалпы аумағы шамамен 3 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлеріне арналған заманауи алаңдар бар. Нысан толық жабдықталып, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз әрі сапалы жаттығуына мүмкіндік жасалған.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев кешеннің әлеуметтік маңызын атап өтті.

«Қазірдің өзінде 20 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ең бастысы – балалар қалаға бармай-ақ, өз ауылында спортпен айналыса алады. Бұл орын алдағы уақытта жастар көп жиналатын орталықтардың біріне айналады деп сенеміз», – деді ол.

Спорт нысанының құрылысы сегіз айда аяқталған. Инвесторлардың қолдауымен салынған кешенге шамамен 200 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

Кәсіпкер Ернар Айдарұлы бұл бастама жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін айтты.

«Бұл жерде футзал, баскетбол, күрес, бокс сияқты түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Балалар осы жерде шыңдалып, үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз», – деді ол.

Айта кетейік, Іле ауданы – халық тығыз орналасқан өңірлердің бірі. Мұнда аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстар жиі ұйымдастырылады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және денсаулығын нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда пилотсыз көліктер іске қосылады: дронмен жеткізу де енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz