Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Неймар ұлттық құрамадағы гол саны бойынша әйгілі Пелені басып озды

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Боливиямен өткен матчта қос голдың авторы атанды.

10.09.2023
Жаңалықтар

Неймар ұлттық құрама сапында соққан гол санын 79-ға жеткізіп, бұл көрсеткіш жөнінен атақты «футбол королі» Пелені (оның есебінде 77 доп бар) басып озып, Бразилияның үздік сұрмергені атанды.

Аталған ойында Бразилия Боливияны 5:1 есебімен ойсырата ұтты. 17-минутта Неймар 11 метрлік айып добынан мүлт кетті. Дегенмен 24-минутта Родриго есеп ашса, екінші тайм басында Рафинья 2:0-ге жеткізді. Содан кейін Родриго көзге түссе, 61-минутта Неймар мергендік танытты. 78-минутта Боливиядан Виктор Абрего жауап қайырғанымен, Неймар қосымша уақытта матч нүктесін қойды.

Биылғы жазда Неймар саудиялық «Аль-Хиляль» клубына алынған болатын. Өткен маусымда Франция чемпионатында «ПСЖ» намысын қорғап, 13 гол, 11 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ 31 жастағы шабуылшының 2013-2017 жылдары «Барселона» құрамында доп тепкені белгілі.

Тегтер: Неймарфутбол

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz