Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 32 ауру түрін емдеуге арналған 38 дәрі-дәрмек тізімнен алып тасталмақ.
Бұл туралы дерек Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар тізімінен төмендегі дәрілерді
«Омепразол»;
«Амоксицилин»;
«Кларитромицин»
«Азитромицин»;
«Фамотидин»;
«Карбамзепин»;
көзге арналған»Ацикловир»
«Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алып тасталды, өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек көлемін көбейту қарастырылған», — делінген құжатта.
Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.