Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып жатыр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтерінің өкілдеріне ыстық шай мен тамақ үйлестіріп көмек қолын созды.
Ақтөбе облысында 4 мың ерікті жұмылдырылды.
Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жинақталған 400-ден астам ерікті тартылды. Волонтерлер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарды.
«Егер сіз су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескіңіз келсе, жергілікті ұйымдарға немесе аймақтық төтенше жағдай кезінде еріктілердің қызметін үйлестіретін фронт-кеңселерге хабарласыңыз», — делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.