Ведомство мәліметінше, соңғы бір жыл ішінде еліміздегі дәріханаларда шамамен 3 миллион қаптама парацетамол сатылған. Бұл оны халық ең жиі тұтынатын дәрі қатарына шығарды. Сатылым бойынша екінші орында — натрий хлориді, одан кейін этил спирті, ацетилсалицил қышқылы (аспирин) және Цитрамон П орналасқан.
Министрлік аптаның қай күндері дәрі-дәрмек саудасы жоғары болатынын да атап өтті. Елімізде тұрғындар дәріханаларға көбіне сейсенбі және сәрсенбі күндері жүгінеді екен.
Бұл көрсеткіштер азаматтардың өзін-өзі емдеуге жиі жүгінетінін және жиі тұмау, суық тию секілді сырқаттарға қарсы дәрілерді сатып алатынын аңғартады. Мамандар мұндай жағда





