Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.

Мемлекет басшысына сот реформасының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы депутаттық корпуспен бірлесе отырып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер жөнінде бастама көтерілді. Атап айтқанда, заңды өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау институтын қайта қарау, сот төрелігінің сапасын тексеретін комиссия жұмысын жетілдіру, дербес кассациялық саты құру ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.

Тегтер: ақордаҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz