Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

04.07.2022
Жаңалықтар, Саясат
Ақорда баспасөз қызметі

Ақорда баспасөз қызметі

Президентке Мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берілді. Парламенттің төменгі палатасының спикері қабылданған бірқатар заңның Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазіргі уақытта депутаттар халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерге аттанған. Олар азаматтардың көтерген маңызды деген проблемаларын зерттеп, жүйелейді. Содан кейін Үкіметпен бірлесіп бұл мәселелерді шешетін болады.

Мәжіліс төрағасы Президентке Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде айтты.

Бұдан бөлек Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа «АMANAT» партиясының қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады. «Жер аманаты» жобасы аясында пайдаланылмайтын және ауылшаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Партия Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. Ауыл тұрғындары бөлшек сауда желісінің талаптары мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа құзыреттерді үйренеді. Осы ретте тұрғындар саны 7,7 миллион адам болатын 2400 ауылдық округті қамту жоспарланып отыр.

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына 23-24 маусым аралығында Шолпан-Ата қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының XI пленарлық отырысына қатысқан Қазақстан делегациясы жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

Тегтер: Ерлан ҚошановҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Screenshot

Алматы облысында алма жинау басталды: шаруашылық өндірісті кеңейтіп жатыр

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Нұрсұлтан Сейдалиев: Мемлекеттік қызметтегі адалдық күнделікті таңдаудан басталады

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026

Мемлекеттік қызметтегі адалдық күнделікті таңдаудан басталады

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz