Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Меладзенің концертінде жанжал шығарған Алматы облысының екі тұрғыны жазаланды

Алматыда өткен Валерий Меладзенің концертінде жанжалға қатысқан Алматы облысының екі тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі бес тәулікке қамауға алынса, екіншісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026
Жаңалықтар

Оқиға концерт кезінде көрермендер арасында болған. Қауіпсіздік қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды бірден залдан шығарған. Полицияның мәліметінше, жанжалға қарамастан концерт тоқтатылмай, жоспарға сәйкес соңына дейін жалғасқан.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында оқиғаға қатысы бар үш әйелдің жеке басы анықталды. Олардың екеуі Алматы облысында, ал біреуі Тараз қаласында тұратыны белгілі болды.

Сот шешімімен Алматы облысының бір тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал екінші әйел қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл арқалады. Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде концерттің тоқтатылғаны туралы жалған ақпарат тараған. Полиция қызметкерлері Instagram желісінде аталған мәліметті жариялаған аккаунт иесін анықтады. Оған көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласын дамытудың 30 жылдық жоспары қаралды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
09.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
09.11.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
09.11.2026

Алматы облысында қазақша қате жазуларды анықтайтын цифрлық жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz