Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мектептерге жүзу сабағы енгізіледі: Қазақстанда жаңа пилоттық жоба басталады

Қазақстандағы мектеп бағдарламасына жүзу сабағын енгізу жоспарланып отыр. Бұл бастама туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2025
Жаңалықтар

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлем бойынша 236 мыңнан астам адам суға батып көз жұмған. Оның ішінде 82 мыңы – 1 мен 14 жас арасындағы балалар.

«Бұл статистика балаларды судағы қауіпсіздік ережелеріне үйретудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, жүзу сабақтарын мектептегі дене шынықтыру бағдарламасына енгізу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Баландин.

Жоба алғашында пилоттық түрде 2026 жылы Алматы мен Астанада іске қосылады. Одан кейін кезең-кезеңімен бүкіл ел бойынша енгізу жоспарлануда.

«Бұл тәжірибе АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты жетекші жүзу мемлекеттерінде сәтті қолданылады. Сол елдерде балаларға жүзуді мектеп қабырғасында үйрету – міндетті және көп жылдан бері нәтиже беріп келеді», – деді ол.

Дмитрий Баландиннің айтуынша, жоба балалардың суға қатысты қауіпсіздік дағдыларын ерте жастан қалыптастырумен қатар, спортқа қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын нығайтуға ықпал етеді.

Тегтер: қазақстанмектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 40 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында 44,6 млрд теңгеге 7 агрожоба іске асады

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz