Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мектеп формасын сатып алу бойынша цифрлық платформаны енгізу жоспарланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңы» шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аз қамтылған отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары бойынша цифрлық платформаны енгізу мәселелері талқыланды.

21.11.2022
Жаңалықтар

Аталған жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту аясында мемлекеттік тапсырыстарды мектеп формасын сатып алуға бағыттау тапсырмасына сәйкес жүзеге асыру көзделіп отыр.

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың басшылығымен өткен кеңес барысында жобаны іске қосу мәселелері қарастырылды. Аталған пилоттық жобаны алдымен Астана қаласында, кейін еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланған.

«Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерде мектеп формасын сатып алуға кепілхат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мектеп формасын сату үшін жеңілдікті шарттармен сауда нүктелері ұсынылғаны жөн. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру қажет, басты талаптардың бірі – ұлттық стандарттарға сәйкес өнім өндірісін анықтау», – деп атап өтті Ілияс Оспанов.

Жоба нәтижесінде бюджет қаражатын нысаналы мақсаты бойынша жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ мектеп формасын шығару бағытындағы отандық өндіріс көлемін арттыруға ықпал етеді.

Аз қамтылған отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары шеңберінде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алуға көмек ата-аналардың өтінішіне сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде ақшалай берілетінін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz