Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдерімен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті

10.11.2022
Жаңалықтар

Алғашында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды.

Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жәй-күйі туралы пікір алмасты. Қазақстанның «дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» 131 Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясын қабылдау қажеттілігі талқыланды.

Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу кезінде осы құжатқа баса назар аударатынын атап өтті. Конвенция,  бұл – ең төменгі жалақы деңгейін (ЕТЖ) анықтауда ескерілетін факторларды көздейді. Есептеу кезінде  елдегі жалпы жалақы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік төлемдерді және басқаларын ескере отырып, жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері қаралады.

«Конвенцияда ЕТЖ заң күшіне ие екендігі және оның төмендемейтіні анық айтылған. Ережені ескермеген жағдайда қылмыстық немесе басқа шаралар қолданылады. Бұл, әсіресе, жұмыс берушілер ең төменгі жалақыдан да төмен ақы төлейтін аймақтарда өте маңызды», – деді үміткер.

Кездесуге қатысушылар зейнетақы аударымдары, жалақы, жұмысқа орналасу тақырыптары мен өңірдің мәселелерін талқылады.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz