Онда алдымен құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері және қоғам қайраткерлерімен жиын өткізді. Парақорлық тақырыбында пікір алмасу болды.
Жиыннан соң кандидат «Шаңырақ» ардагерлер үйіне табан тіреп, әлеуметтік қызмет алушылар және еңбек адамдарымен кездесті. Қарттардың жағдайын біліп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ардагерлер зейнетақы мәселесін көтерді. Ал еңбек адамдары әйелдердің зейнетке шығу жасы жайында сөз қозғады.
Одан кейін кандидат желдеткіш шығаратын зауытқа барды. Мейрам Қажыкен ертең де Алматы да бірқатар кездесу өткізеді.
«Мәдениет, азаматтық қоғам, заңдардың орындалуы. Сыбайлас жемқрлықпен қалай күресу керек. Ең алдымен мәдениетте, адамның сана сезімінде халықтың да қоғамның да. Бізде мықты азаматтық қоғам болу керек. Азаматтық қоғам болса онда билік те бақылауда болады. Бізде заңдар бар. Белгіленген. Бірақ сол заңның баптары нақты орындалу керек», − деді президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.