Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

McDonald’s-тың Қазақстан нарығынан не үшін кетті — министрлік жауап берді

McDonald's мейрамханалар желісінің жабылуына қазақстандық шикізаттың тапшылығы себеп болған жоқ. Бұл туралы ауылшаруашылық министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

08.01.2023
Жаңалықтар

McDonald’s мейрамханалар желісі бұған дейін ресейлік ет өнімдері және жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етілді, онда компанияның ірі тарату орталықтары болды. Бірақ McDonald’s-тың Ресейден кетуіне байланысты шикізатты жеткізуде проблемалар туындаған.

Шетелдік компанияның өкілдері келешекте қазақстандық өнімге көшуге дайын болған. Алайда, отандық өндірушілер үшін компанияның жоғары стандарттарын енгізу белгілі бір уақытты алған. McDonald’s өкілдерінің өтініші бойынша, жергілікті шикізатқа көшкенге дейін ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ел аумағындағы мейрамханалар желісінің жабылуына жол бермеу үшін үшінші елдерден өнім жеткізу рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге жәрдемдесуге дайын болды, қазір де дайын.

Осы уақытта қазақстандық ет және сүт өнімдерін өндірушілер өндірісті McDonald’s талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмысты бастаған және 2023 жылдың басында кәсіпорындардың аудиті бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Алайда, McDonald’s-тың жабылуына байланысты жоспарланған аудит болған жоқ.

Бұл компанияға шикізат немесе жартылай фабрикаттар жеткізу үшін сертификаттаудан өту керек. Бұл жұмыс мал азығынан бастап қаптамаға дейін қатаң талапты қажет етеді. Министрліктің айтуынша, компанияның белгілі бір жеткізушіні таңдайтынына сенім жоқ.

Министрліктің айтуынша, McDonald’s Қазақстаннан шикізаттың тапшылығына бола кеткен жоқ.

Ал Қазақстан еттің барлық түрі бойынша ішкі нарықты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы Қазақстанда барлық түрі бойынша 0,4% артық, яғни 1,06 млн тонна ет өндірілді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3,6 млрд доллар болатын 38 жоба іске асырылып, кейбірі пысықталып жатыр.

Тегтер: McDonald'sҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында құтыру бойынша жағдай қандай: дәрігерлер мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz