Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мас болған жастар Талдықорғандағы драма театрының жанына дәрет сындырған

Жастар жоғары оқу орнын бітіргенін атап өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.06.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 29 маусымда көшедегі бейнебақылау камерасы қалалық драма театрында серуен өткізген жастар тобын тіркеді.

«Үш ер адам мен бойжеткен алаңға автокөлікпен жетіп, алкогольдік ішімдіктерді ішкен. Олардың екеуі жақын маңдағы көгалда тұрған ағаштардың біріне дәрет сындырған», — деп хабарлады департамент.

Хабарламада айтылғандай, патрульдік топ тәртіп бұзушыларды ұстап алып, Талдықорған полициясына жеткізген. Полицияның мәліметінше, жалпы 6 әкімшілік хаттама рәсімделген.

«Яғни, барлық қатысушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олардың екеуіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша жалпы пайдалану орындарын ластауды көздейтін хаттамалар қосымша жасалды. Әкімшілік заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылар ірі айыппұл төлеуге міндетті», — деп толықтырды полиция.

Тегтер: құқық бұзушылықТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz