«24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы шақырту алдық. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі — бала», — деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.
Қарғын судан 6 автокөлік шығарылған. Эвакуациалау жұмыстарына С. Шапағатов ауылдық округынан да арнайы техникалар жұмылдырылған. Айта кетейік, 23 шілдеде Маңғыстау облысында нөсер жауын жауған еді. Зардап шеккендер жоқ.