Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Магистратура мен PhD бағдарламаларына өтінім қабылдау 28 қазанда басталады

Қазақстанда магистратура мен докторантураға қабылдау науқаны басталмақ. Биыл магистратураға кешенді тестілеуге қатысуға өтінім беру және докторантураға қажетті құжаттарды тапсыру 28 қазаннан басталып, 10 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.10.2025
Жаңалықтар

Барлық өтінімдер app.testcenter.kz порталы арқылы онлайн қабылданады. Талапкерлер тіркелу кезінде тест тапсыратын қаланы, тілді және білім беру бағдарламасы тобын өздері таңдайды. Бұл параметрлерді тек құжат қабылдау аяқталғанға дейін ғана өзгертуге мүмкіндік бар.

Магистратураға түсу тәртібі

Кешенді тестілеу қараша–желтоқсан айларында электронды форматта өтеді. Үміткерлер шет тілі, оқу-ғылыми дайындық және бейіндік пән бойынша сынақ тапсырады. Барлық тапсырмаларды орындауға 3 сағат 55 минут уақыт беріледі. Өту балы – 75 балл.

Ал профильді магистратураға құжат тапсырғандар тек бейіндік пәннен емтихан тапсырады. Бұл санат үшін өту шегі – 30 балл.

Докторантураға қабылдау талаптары

PhD бағдарламасына түсуге ниеттілер алдымен жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсырады, содан кейін ғана Ұлттық тестілеу орталығында тіркеуден өтеді.

Докторантураға үміткерлерден ҚАЗТЕСТ сертификаты мен шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат талап етіледі. TOEFL ITP иегерлері ағылшын тілінен қосымша тест тапсырады.

PhD бағдарламасына қабылдану үшін талапкер кемінде 75 балл, ал бейіндік және индустриялық бағыттағы PhD бағдарламаларына 50 баллдан жоғары жинауы тиіс.

Барлық тест пен емтиханның нақты уақыты мен өтетін орны туралы ақпарат 14 қараша күні талапкерлердің жеке кабинеттерінде жарияланады.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда пилотсыз көліктер іске қосылады: дронмен жеткізу де енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz