Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады

Бүгін Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2025
Жаңалықтар

Құжатта алдағы үш жылға арналған ел қазынасының кірістері мен шығыстарының негізгі бағыттары айқындалған.

Болжам бойынша, 2026 жылы түсімдер көлемі – 19,2 трлн теңге, 2027 жылы – 21,2 трлн теңге, ал 2028 жылы – 23,2 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.
Шығыстар сәйкесінше 27,7 трлн, 28,7 трлн және 29,7 трлн теңге көлемінде болмақ. Сонымен қатар, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын шамамен 2,8 трлн теңгені құрайды.

Үкімет 2026 жылы өңірлерге бөлінетін шығындарды 700 млрд теңгеге қысқартуды көздеп отыр. Нәтижесінде бұл бағыттағы қаржы көлемі 5,1 трлн теңге деңгейінде белгіленді. Ал өзге де шығындар 1,7 трлн теңге шамасында шектелмек.

Айта кетерлігі, 2026 жылы жаңа жобаларды қаржыландыру жоспарланбаған — барлық қаражат бұрыннан жүзеге асырылып келе жатқан бастамаларды аяқтауға бағытталады.

Мәжіліс қараған үш жылдық бюджет елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағытталған стратегиялық құжат болып саналады.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда пилотсыз көліктер іске қосылады: дронмен жеткізу де енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz