Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеп, депутаттармен қоштасты. Ол 30 маусымда өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті парламенттік сессия ресми түрде жабылатынын және Қазақстан парламентаризмінің жаңа кезеңі басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026
Жаңалықтар, Саясат

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияға сәйкес Парламенттің қазіргі өкілеттігі тоқтатылады. Ал тамыз айында бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

«1 шілдеден бастап жаңа Конституцияға сәйкес Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Тамыз айында бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осылайша, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды. Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауын білдіретін маңызды сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Конституция еліміздің бүкіл саяси жүйесін жаңғыртып, оның қарқынды дамуының берік негізіне айналады», – деді Сенат төрағасы.

Сенат спикерінің айтуынша, жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Ол соңғы 30 жыл ішінде қос палаталы Парламент елдің саяси жүйесінде маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

«Осы жылдар ішінде Парламент қабырғасында мемлекеттің тағдырын айқындаған тарихи шешімдер мен маңызды заңдар қабылданды. Сенат өз қызметін «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты негізінде жүргізіп, Конституция жүктеген өкілеттіктерді жауапкершілікпен әрі лайықты орындады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев келтірген мәліметке сәйкес, Сенаттың 30 жылдық қызметі барысында:

  • 890-нан астам жалпы отырыс өткізілді;
  • 3,5 мыңнан астам заң қабылданды;
  • 350-ден астам заң немесе әрбір оныншы заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Сонымен қатар осы уақыт ішінде 246 азамат Сенат депутаты ретінде қызмет атқарған.

Сөз соңында Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүргізіліп жатқан реформаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Осы тарихи сәтте өз атымнан және барлық сенаторлардың атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бізге артқан жоғары сенімі, реформаларды бірлесіп жүзеге асыруға берген мүмкіндігі және тұрақты қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сенаторлар әрдайым Президентке, мемлекеттілік қағидаттарына, заң үстемдігіне және халық алдындағы жауапкершілікке адал болып қала береді. Парламенттің 30 жылдық бай тәжірибесін жалғастырып, жаңа форматта және жаңа мәртебеде жұмысын бастайтын Құрылтайға табыс тілеймін. Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы әрі мәңгі болсын», – деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті парламенттік сессияның жұмысы ресми түрде қорытындыланады. Ал жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің заң шығару жүйесі жаңа форматтағы бір палаталы Парламенттің жұмысына көшеді.

Тегтер: Қазақстансенат

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz