Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Лаоста құлдыққа түскен Анель Бермағамбетова жақында елге оралады

Лаоста еңбек құлдығына түсіп қалған қазақстандық Анель Бермағамбетова жақын арада жақындарымен қауышады. Бұл жөнінде Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Әлімжан Өмірзахов мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

27.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Әлімжан Өмірзахов Лаоста елдің Сыртқы істер министрлігі мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің жауапты қызметкерлерімен кездескенін айтты. Және ол Бермағамбетоваға заң көмегін көрсетуге кепілдік алғанын жеткізді.

«Екі орыс қызын құтқаруға бір уақытта атсалысқан Вьетнамдағы Ресей консулына да ризашылығымды білдіремін. Лаос өкілдері көмек көрсетуге уәде бергенін, бірақ мұның қанша уақытқа созылатынын айтуға ыңғай білдірмегенін айта кеткен жөн. Ресей елшісінің сөзінше, қыздарды босату үш аптадан екі-үш айға дейін созылуы мүмкін», — деді Өмірзахов.

Оның айтуынша, Елшіге өзін таныстырудан бас тартқан шетелдік азамат қызды бұл жерде ұстап қалуды жоспарламағанын, алайда кеткен шығынды өтеуді талап еткен. Қолында Бермағанбетова қол қойған келісім-шарт болғандықтан, азамат жергілікті учаскелік полицейлерден қорықпаған. Ал қыздың туыстары болса мәселеге бейқам қараған әрі мемлекет өз азаматтарының жеке бас қауіпсіздігіне жауап беретініне сенімді болған.

«Екі күнге созылған келіссөздер нәтижесінде қытайлықтардың қызды Меконг арқылы Тайландқа апаратынына келісіп, айыппұл көлемін екі есе азайтуға мүмкіндік туды», — деді ол.

Қазір Анель Чанграй қаласында, ол ары қарай Бангкок қаласына ұшуы керек, ол жерде қызды Тайландтағы елшіліктің қызметкерлері күтіп отыр.

Сондай-ақ Әлімжан Өмірзахов қыздың бұл әрекеті басқаларға сабақ болу керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz