Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Лаоста алданған қазақ қызы: мәселе Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің ерекше бақылауында

ҚР Сыртқы істер министрлігі Лаоста алданған отандасымыздың тағдырына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бұл оқиға жайлы СІМ баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

«Биыл 19 тамызда отандасымыз консулмен байланысқа шығып, өз жағдайын хабарлады. ҚР Ханойдағы елшілігі Лаостың Сыртқы істер министрлігіне азаматымызды құтқаруға барынша көмек көрсету туралы тиісті нота жолдады», — делінген ресми ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, оған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Отандасымыз Таиландқа және одан әрідегі жерге өз еркімен барған.

«Жерлесіміз дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Айтуынша, құжаттары мен телефонын алып қоймаған, телефон мен интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ күш қолданбаған. Егер ол өзінің ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсалған қаржыны қайтарса, жұмыс берушілер оны жіберуге дайын», — дейді СІМ өкілдері.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған мәселе Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің ерекше бақылауында екені айтылған.

«СІМ және ҚР Вьетнамдағы елшілігі отандасымыздың елге оралуына қажетті көмек көрсетеді. Қазақстан СІМ азаматтарынан шетелде жұмыс істеу үшін құжаттар мен келісімшарттарға қол қоюға дейін және шетелге шыққанға дейін оларды мұқият зерделеуді, сондай-ақ күтпеген жағдайлардың туындауын болдырмау үшін жұмыс берушілерді тексеруді сұрайды», — деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабының 1-бөлігімен (адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz