Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Күзге қарай қант бағасы түседі – АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі қант тапшылығы мен бағаға қатысты алдағы уақытқа болжам жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

23.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Қант тапшылығы мен бағаның өсуі Қазақстанға аталған өнімнің едәуір бөлігін жеткізуші Ресейдің қант экспортына тыйым салуымен байланысты екені белгілі. Жағдайды тұрақтандыру үшін қазақстандық қант зауыттарына 350 мың тонна көлемінде шикі құрақ қантын және құрамында қант бар өнім өндіретін кәсіпорындар үшін дайын қантты үшінші елдерден бажсыз әкелуге квота бекітілді. Бажсыз қант нарыққа айтарлықтай көлемде жеткізіліп жатыр. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды едәуір тұрақтандырды», — деді министрліктен.

Сондай-ақ, министрлік еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі қант зауыттары өнім жинауды бастап, қант өндірісін қайта жандандыратынына сенім артып отыр. Айтуларынша, отандық өндірушілер ішкі нарықты қантпен қамтуда септігін тигізеді.

«Одан бөлек, биыл 1 қыркүйекте Ресейде қант экспортына тыйым салу мерзімі аяқталады. Сонымен қатар биыл көрші елде қант қызылшасы бойынша жақсы өнім болады деп күтіліп отыр. Осы орайда Қазақстанға өткен жылдарға қарағанда артық көлемде Ресей қанты жеткізіледі деп жоспарланған. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайының тұрақталатыны сөзсіз. Сол сияқты нарықтағы ұсыныстың ұлғаюына байланысты баға да объективті түрде төмендейтін болады. Алайда, қазір бағаның қандай болатынын нақты айту мүмкін емес. Өйткені, бағаға көптеген фактор әсер етеді», — деді ведомстводан.

Тегтер: қант

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz