Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Колледждерді қаржыландыру мәселесі қайта қарауды қажет етеді — Оқу-ағарту министрі

Алматыда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп және колледж директорларымен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

11.10.2022
Жаңалықтар

«Дуалды оқытуды дамыту, тәлімгерлік қызметке ақы төлеу, жан басына шаққандағы қаржыландыру, «Жас маман» жобасын іске асыру, инклюзивті білім беруді дамыту, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен балабақшаларда тамақтану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу мәселелері талқыланды», — деді Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетов сонымен қатар қаланың 180 мемлекеттік және жеке мектептерінің директорларымен кеңес өткізді.

«Колледж директорларын қызықтырған негізгі мәселе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (колледждерде) оқыту үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне қатысты болды. Бұл норматив шынымен де қайта қарауды талап етеді, біз бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істейміз», — деді министр.

Үлгерімі төмен балалармен жұмыс істеудегі еңбекақы төлеу жүйесіне, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мектеп психологтарының жұмысына, педагогтарды аттестаттау ережелеріне, ата-аналар қауымдастығымен жұмысты нығайтуға, педагогтерді қайта даярлау мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Тегтер: колледжқаржыландыру

Соңғы жаңалықтар

Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласына білікті мамандарды тарту үшін қандай жағдай жасалады?

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласының виртуалды көшірмесі жасалмақ

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішіне қалай жауап беруі тиіс? Сарапшы түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz