Бүгін сағат 10:00 мен 11:00 арасында Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Ұлттық сараптама орталығы филиал бөлімшесінің зертхана мамандарымен бірлесіп, «Көк базар» сауда орнында «Нитраттарсыз көкөністер мен жеміс-жидектерді таңдаймыз!» атты акциясын жүргізді, — деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.
Науқан облыс көлемінде ғана шектелген жоқ, аймаққа қарасты барлық елді мекенде өз жалғасын тапты. Сарапшылар акция барысында экспресс әдісті қолдана отырып, көкөністер мен жеміс-жидектер дақылдарын нитраттардың құрамына 32 сынама тексерді. Зерттеудің нәтижелері бойынша нитраттардың шамадан тыс мөлшері 9 сынамадан анықталды. Оның ішінде: қарбыз, қауын, лимон, апельсин және т.б жеміс жидектер бар.
Санитарлық-эпидемиологиялық-бақылау басқармасының баспасөз қызметі:
«Көкөністер мен жеміс-жидектерді тек базарлардан, ірі дүкендер мен супермаркеттерден ғана сатып алыңыз. Бұл орындарда міндетті түрде ведомствалық зертханалармен көкөністердегі нитраттарға зертханалық бақылау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сіз сатышудан олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етуге құқығыңыз бар. Егер сіз көкөністер мен жеміс-жидектердің сапасынан күмәндансаңыз, оларды сатып алмағаныңыз жөн».
Айта кету керек, дәл осындай тексеріс жыл сайын өткізіледі. Мамандардың айтуынша, науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табады