Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

KMF Банк екінші деңгейлі банктер қатарына қосылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF Банк» АҚ-ға банк операцияларын жүргізуге ресми лицензия берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2025
Жаңалықтар

Құжатты агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова банк басқарма төрағасы Шалқар Жүсіповке табыстады. Осылайша, «KMF Банк» еліміздегі екінші деңгейлі 23-ші банк болып тіркелді.

Агенттік дерегінше, KMF 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы секторының ең беделді әрі тұрақты қатысушыларының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша активтер, кредит портфелі және клиенттер саны бойынша ұйым еліміздегі микроқаржы ұйымдары арасында көш бастады. Компания өңірлік кең ауқымды желі қалыптастырып, әлеуметтік бағыттағы әрі қаржылық тұрақтылығы жоғары институт ретінде танылды. 2025 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша, KMF активтері 395 млрд теңгені, ал кредит портфелі 315 млрд теңгені құрады. Қаржының 90%-дан астамы аграрлық саладағы 100 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталды. Кәсіпкер әйелдерді қолдау жобалары берілген кредиттердің 55%-ын қамтыды. Қазіргі таңда клиенттер саны 275 мыңнан асып, олардың 70%-дан астамы өңірлерде тұрады.

Ұйымның қаржылық орнықтылығы да жоғары: 90 күннен асқан берешек деңгейі 6%-дан төмен, ал капитал жеткіліктілігі 22%-дан жоғары. Ел бойынша 17 филиал мен 123 бөлімше жұмыс істейді, қызметкерлердің жалпы саны 2 500-ден асса, соның 70%-ға жуығы өңірлерде орналасқан.

Лицензия «KMF Банкке» заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттар ашу және жүргізу, кассалық және аударым операцияларын орындау, кредит беру, шетел валютасымен айырбастау, банктік кепілдік беру сияқты операцияларды жүргізуге құқық береді. Ал жеке тұлғаларға қызмет көрсету депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылғаннан кейін басталады.

Айта кетейік, бұл 2025 жылы банктік лицензия алған екінші жаңа банк. Бұған дейін, 25 маусымда «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ лицензия алған болатын. Бүгінде еліміздегі 23 екінші деңгейлі банктің 11-інде шетелдік қаржы топтарының үлесі бар.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы. Алдын-ала болжаммен Парламентке өткен партиялар аталды

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

ЕҚЫҰ Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты алғашқы қорытындысын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Жібек жолы – Қаскелең арасы 10 қыркүйекке дейін жабылады

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz