Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кітапты көп оқитын балаларға қозы мен телефон сыйға берілді

Түркістан облысының Ордабасы ауданында шенеуніктер балаларды көп кітап оқуға ынталандырудың ерекше тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

10 жастағы Әлихан Шекербек кітап оқып, қозы иеленді. Оның сөзінше, төртінші сыныптан бастап әдебиетке деген ықыласы ашылған. Сондықтан жарты сағатта кітап оқып, мазмұнын айту Әлиханға қиынға соқпаған. Қазір алтыншы сынып оқушысы сыйлыққа алған қозысын өзі бағып жүр.

«Кітап оқығаным үшін қой береміз дегенде сенбедім. Бірақ кейін шынымен қозы сыйлады. Қазір оны өзім асыраймын, уақыты келгенде оның етінен қуырдақ жасап жейміз», — дейді Әлихан Шекербек.

Балалардың білімге деген құштарлығын осындай ерекше тәсілмен ояту туралы идеяны Ордабасы ауданындағы ауылдық округ әкімі ұсынған. Бұл бастаманы ауыл тұрғындары қабыл алып, тіпті кейбіреулері ынталандыру қорына бір қозыдан тарту еткен.

«Кітапханада басқаларға қарағанда кітап көп оқитын үш оқушыны таңдап алдық. Олардың арасында қозылар ұтысқа тігілді. Балалар кітаптар оқып, түсініктерін айтты, ал оларға сыйлық ретінде қозы бердік. Тіпті, бұған сенбеген жеңімпаздардың бірінің әкесі телефон соғып, қозы не үшін берілгенін сұрап жатты. Біз “өйткені балаңыз соған лайық болды” деп жауап бердік», — дейді Боржар ауылдық округінің әкімі Серғали Құрымбеков.

Сыйлық ретінде қозы алу да оңайға соққан жоқ, дейді байқауды ұйымдастырушылар. Оқушы кітапты оқып, оны түсінікті етіп мазмұнын айтып беру қажет болған. Сөздеріне сенсек, ерекше науқан басталғалы және алғашқы жеңімпаздар анықталғалы бері ауылда кітап оқитын балалардың саны айтарлықтай артқан.

«Жыл басынан және осы байқау ұйымдастырылғаннан бері ауылдық кітапханамыздағы оқырмандар саны күрт өсті. Бізге тіркелген 500 оқырманның бүгінде 300-і балалар. Биыл балаларға арналған 1500 кітап сатып алдық», — дейді аудандық кітапхана қызметкері Әлия Қайтбекова.

Алдағы уақытта кітапқұмар тағы бес оқырманға телефон сыйға берілмек.

Тегтер: Ордабасытүркістан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz