Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кипр президенті Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді

Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидис Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді. Ол 2 маусым күні Астанаға тікелей рейспен ұшып келмек, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026
Жаңалықтар, Саясат

Жоспар бойынша, 3 маусым күні Никос Христодулидис Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Сондай-ақ делегациялар арасында кеңейтілген келіссөздер өтеді. Қазақстан президенті Христодулидиске мемлекеттік награда — «Достық» орденін табыстайды деп күтілуде.

Тараптар жоғары білім және ғылыми зерттеулер, мәдениет, спорт, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік және электронды үкімет салаларына қатысты бірнеше меморандумға қол қояды.

Сонымен қатар, Христодулидис Кипр–Қазақстан бизнес-форумында сөз сөйлеп, Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барады және Астанада Кипр елшілігін ашады.

Никос Христодулидистің Қазақстанға алғашқы ресми сапары 4 маусымда аяқталып, сол күні Кипр президенті еліне оралады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл сапар Қазақстан мен Кипр арасындағы саяси, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz