Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Кемертоған ауылы Алматыдағы БАКАД айналма жолының кесірінен қоршауда қалды

Алматыдағы БАКАД айналма жолының құрылысы да, жолдың өзі де Кемертоған ауылының тұрғындарына үлкен жайсыздық тудырды. Ауылға кедергісіз кіріп-шығу үшін тұрғындар биліктен көпір салып беруін талап етіп, жолды жапты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі, informburo.kz порталына сілтеме жасап.

02.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Тұрғындардың айтуынша, жолдың арғы бетіндегі жұмыстарын бітіру үшін тас лақтырым жерге қаланы айналып 25 шақырым жол жүруі керек. Айналма жолда елді мекендерге кіріп-шығуға арналған жолайрықтар салу қарастырылмаған. Әлеуметтік нысандарға қатынассыз қалған жұрт жол салып беруді сұрап, серіктестікке де барған. Олар уәдені үйіп-төккенімен, жалғыз кісілік көпір салуға кірісіпті. Серіктестіктің бұл ісі тұрғындардың шамына одан әрі тиген.

«Жұмыс жобаға сәйкес жүріп жатыр. Онда көліктер кіріп-шығатын жолақтар жоқ. Яғни, тек тораптар ғана болады. Қазір Алматы облысы әкімдігінің тапсырмасымен жолайрықтар салынып жатыр. Бұл тұрғындардың жолды емін-еркін кесіп өтуіне септігін тигізеді», — дейді басы дауға қалған компания өкілдері.

Компания өкілінің мәліметіне сүйенсек, айналма жол жоспарланған кезде іргелес ауылдардың бас жоспары болмаған. Тек биыл наурыз айында ғана әзірленіпті. Сондықтан әкімдік мәселені жедел шешуге тырысып жатқан көрінеді.

Тегтер: Кемертоған

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz