Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Келесі жылы 6 мыңға жуық жасқа жеңілдетілген шағын несие беріледі – министрлік

2023 жылы қазақстандық жастарға жеңілдетілген несие беріле бастайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлім етті.

25.11.2022
Жаңалықтар

«Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытудың жаңа құралы ретінде жеңілдетілген 2,5%-дық микрокредит беру жоспарланып отыр. Оған сәйкес 2023 жылы 5,8 мың жасқа микрокредит берілмек. Мемлекет жастарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударады. Атап айтсақ, жыл сайын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредиттеу» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жас еңбекпен қамтылады», – деді Олжас Ордабаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, халықты еңбекпен қамтудың тағы бір құралы — нарық сұранысына қарай азаматтарды қысқа мерзімде оқыту.

«Аталған жобаның аясында азаматтар жаңа мамандық меңгеріп, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналаса алады. Жыл басынан бері 35,2 мың адам оқытылды», — дейді ол.

Сондай-ақ, вице-министр мемлекет субсидиялайтын жұмыспен қамтылған азаматтардың 36 пайызы (161,5 мың) жастар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz