Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кейбір тұлғаларға құмар ойын ойнап, бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әрбір бәс тігуші қойған ставкалар (оның ішінде электронды да бар), оның нәтижесі, бәс тігу ұтыстары мен төлемдер, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау қағидаларын әзірледі. Бұйрықтың жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

25.11.2022
Жаңалықтар

Жаңа құжат талабына сәйкес кейбір тұлғаларға құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынады.
Олар — құмар ойындар мен бәс тігуге азартқа берілген жеке тұлғалар, сондай-ақ өзін құмар ойындар немесе бәс тігуге қатысудан шектеген жеке тұлғалар.

Сондай-ақ, ережеде ставкаларды есепке алу орталығын құру көзделген. Ұсынылған қағидаларға сәйкес букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар әр ойыншының бәс тігу ставкалары (оның ішінде электронды), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы мәліметті онлайн береді.

Оның ішінде бәс тігуге қатысушылардың аты-жөні, ЖСН, ставканың қабылданған күні мен сомасы, ұтыстың сомасы мен күні, ұтыстың сомасы мен төленген күні, ұтыстың ақшалай баламасы, фискалдық деректер бар.

«Ставканы есепке алу орталығы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға шектеу қойылған тұлғалардан қолма-қол және электронды төлемдерді қабылдаудан бас тартып, ол туралы хабарлайды», — делінген жарияланған жобалық құжатта.

Деректерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады. Ақпарат жабық хаттаманы қолдана отырып, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға онлайн жіберіледі.

Кейін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметі туралы статистикалық және талдамалық ақпарат жасақталады. Аталған құжат биыл 8 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға салынады.

Тегтер: құмар ойын

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Мәслихаттардың рөлін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

12 наурыздан бастап: Қазақстанда жол ережесін бұзуды тіркеу тәртібі өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында күн қашан жылынады: синоптиктер болжам жасады

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында құтқару қызметінің техникасы жаңарды

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz