Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ ресейліктердің жаппай Қазақстанға келуіне қатысты түсініктеме берді

Көші-қон заңнамасының талаптарын елемей, бірде-бір шетелдік азаматтың біздің мемлекет аумағында шектеусіз жүруге құқығы жоқ, деп хабарлады ІІМ Көші-қон қызметі комитеті.

23.09.2022
Жаңалықтар

«Қазақстанға көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен елде болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету қағидалары бойынша бақылаудың жеткілікті тиімді жүйесі жұмыс істейді. Бірде-бір шетелдік азаматтың көші-қон заңнамасының талаптарын елемей, біздің мемлекетіміздің аумағында шектеусіз жүруге құқығы жоқ», — деп хабарлады ведомстводан.

ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін көшіп келушілердің Қазақстанда болуының рұқсат етілген мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап күнтізбелік 90 күн өткен соң аяқталады.

Биыл Қазақстанға 4,3 млн-ға жуық шетелдік азамат келді.Кеткендер саны 4,1 млн. Оның ішінде Ресей азаматтары бойынша келгендері 1 660 000. Кеткендердің саны 1 640 000 адам.

«Олардың уақытша болуы — олардың әрқайсысы туралы толық ақпаратпен, төлқұжат деректерімен және келуін бақылау үшін келу күнімен есептеледі. Көші-қон процестеріне бақылау жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті ведомствода.

Егер шетелдікте болу мерзімі аяқталса, оған қатысты заңнамада көзделген ден қою шаралары қабылданады. Бақылау барысында 45,7 мың көші-қон заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4,2 мыңы бірден Қазақстаннан тыс жерлерге мәжбүрлеп шығарылды.

«Сонымен бірге, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3,2 мың ресейлік азамат жауапқа тартылды, бұл Ресей Федерациясы азаматтары санының тек 0,2% құрайды. Бұл олардың Қазақстанда болу мерзімдерін сақтау бойынша белгілі бір тәртіптілігін көрсетеді», — деді Көші-қон қызметінде.

Олай болмаған жағдайда, Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарып жіберу біздің елге 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салу түрінде қосымша санкциялық шараны көздейді.

«Сондай-ақ, ішкі істер органдары уақытша тұруға рұқсат беру негізінде шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерінің сақталуына бақылау жүргізеді, оны алу процесі реттелген», — деп хабарлады ведомстводан.

Егер шетелдік азамат уақытша тұруға рұқсат алған болса (еңбек шартының мерзіміне, оқу, емделу және басқа да толық негіздер кезеңіне), көші-қон қызметінде тұрғылықты мекенжайы, тұрғын үй иесі және онда тұратын шетелдіктер туралы толық ақпарат болады, бұл көші-қон бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы ІІМ көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істейді. Шетелдіктердің, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының заңнаманы сақтауын бақылау жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті көші-қон қызметі комитеті басшысы Аслан Аталықов.

Тегтер: ІІМҚазақстанРесей

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz