Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

14 ақпан - Ғашықтар күні қарсаңында қазақстандықтар ерекше сыйлық іздеп, интернет арқылы сатып алуды жиілетеді. Осы кезеңде жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейгенімен, мерекелік қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына пайдалануы мүмкін. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға арнайы ескерту жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, алаяқтар жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы күмәнді сілтемелер таратады. Мамандар романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

ІІМ мынадай кеңестерді ұстануды ұсынады:

  • тауарды тек сенімді әрі тексерілген сайттардан және ресми маркетплейстерден сатып алу;

  • әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеу;

  • шектен тыс арзан ұсыныстарға күмәнмен қарау — бұл алаяқтық белгісі болуы мүмкін;

  • сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұрау;

  • бейнеқоңырау арқылы тауарды және дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді талап ету;

  • төлем жасау кезінде ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармау;

  • жеке деректерді қорғау, бөгде адамдарға парольдер, SMS-кодтар, CVV-код пен банк картасының толық мәліметін бермеу.

ІІМ өкілдері интернет арқылы сатып алу кезінде сақтық танытып, күмәнді жағдайларға тап болған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берді.

Тегтер: алаяқтыққазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдумға дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қонаевта референдум ақсақалдың батасымен басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум: дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz