ҚР ІІМ медицина мекемелерінің жауапты мамандары мен жетімдер үйінің мамандарын жаңа туған баланы тастап кету туралы ақпарат бермегені үшін заң төңірегінде жауапкершілікке тартуды ұсынды.
«Мұндай мәлімет бермеген жеке тұлғаға 5 АЕК, заңды тұлғаға 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң, 1 жыл ішінде адамдар бұл әрекетін қайталаса, жеке тұлға — 20 АЕК, заңды тұлға — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді», — деп жазылған құжатта.
ІІМ айтуынша, бұндай шаралар Қазақстанда бала сату деректерінің жиілеп кетуіне байланысты қолға алынды.
«Бұл заңды қабылдау — адам және бала саудасымен күресу үшін ұтымды құқықтық негіз болады, екіншіден, адам саудасының алдын алу және оның құрбандарын анықтау мақсатындағы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандық заңды күшейтуге ықпал етеді», — деп көрсетілген құжатта.
Қазақстандықтар заңға түзетулер мен өзгерістер енгізуге байланысты ұсыныстарын 28 қыркүйекке дейін тіркей алады.