Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Гонконгта алапат өрт болып, 44 адам қаза болды

Гонконгтың солтүстігіндегі Wang Fuk Court тұрғын үй кешені өртке оранып, 44 адам қаза тапты, жүздеген адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Жаңалықтар

Гонконг билігі тұрғын үй кешеніндегі өрттен кейін абайсызда кісі өлтіру күдігімен үш адамның ұсталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, 52 мен 68 жас аралығындағы ер адамдар қолға түскен. Олар өрт шыққан ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Тергеу материалдарына сәйкес, ұсталғандардың екеуі – компания басшылары, ал үшіншісі – кеңесші инженер.

Билік ғимараттың сыртқы бөлігінен тез жанатын материалдар табылғанын мәлімдеді.

«Компания басшылығы тарапынан өрескел салғырттық жасалған. Бұл қайғылы жағдайға себеп болып, үлкен апатқа әкелді», – деді полиция өкілі.

65 жастағы тұрғын AFP агенттігіне берген сұхбатында осы кешенде 40 жылдан бері тұратынын, көршілерінің басым бөлігі қарт адамдар екенін айтқан.

«Жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен терезелер жабық тұрған. Кейбір тұрғындар өрт шыққанын тіпті білмей қалды. Көршілер есік қағып, сыртқа шығу керегін айтқанда ғана хабардар болды. Өзім қатты қорқып қалдым», – деді ол.

Өрт сәрсенбі күні күндіз Тай По ауданында — Гонконгтың Жаңа аумақтар бөлігінде тұтанған. Жалын бамбук құрылыс қаңқалары орнатылған сегіз көпқабатты үйдің қасбеттеріне жылдам тараған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда қараңғылық түскен шақта бірнеше ғимараттың терезелерінен лапылдаған жалын шығып, қалың түтін көтерілгені байқалады. Өрт сөндірушілер автосаты техникаларын қолданып қызыл жалынды ауыздықтауға жұмыс істеді. Билік өрт қауіпінің деңгейін ең жоғары — 5-сатыға дейін көтерді.

Өрт сөндіру қызметі 128 арнайы техника мен 57 жедел жәрдем көлігін жұмылдырған. Қызмет директоры Энди Юнгтың айтуынша, қаза тапқандардың арасында бір өрт сөндіруші бар, тағы бір маман қатты ыстықтан зардап шегіп, ем қабылдап жатыр.

Полиция пәтерлерінде қалып қойған адамдар туралы ондаған хабарлама алған. Тай По аудандық кеңесінің мүшесі Ло Хиу-фунг TVB телеарнасына берген сұхбатында зардап шеккендердің көпшілігі қарт тұрғындар болуы мүмкін екенін айтты.

Қытай мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Гонконг билігіне өртті толық жою және шығынды азайту үшін барлық шараны қабылдауды тапсырған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт шыққан тұрғын үй кешені сегіз блоктан тұрады. Онда 2000-ға жуық пәтер және шамамен 4800 тұрғын бар. Жергілікті билік эвакуацияланғандар үшін уақытша баспаналар ашты.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыөрт

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz