Бокс жанкүйерлері, соның ішінде Головкиннің жақтастары асыға күткен үшінші айқастың алдында Димаш Құдайберген Қазақстан әнұранын шырқап, жиналған жұртты бір желпіндіріп тастады.
Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға әзір екенін мәлімдеген.
Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетіп жатыр.