Ғалым жарықшақ сызығы орналасқан Анадолы тақтасының араб тақтасымен салыстырғанда солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағытта кемінде үш метрге ығысқанын айтты. Бұл қозғалыс небәрі 30-40 секундта болған.
Даниолидің айтуынша, әдетте геологиялық қозғалыс жылына 2-3 миллиметрден аспайтынын ескерсек, біз жаһандық ауқымдағы апатты көрдік.
Әдетте жер сілкінісінен кейін плиталар бірнеше сантиметрге жылжи алады, бірақ одан көп емес.
Дегенмен, сарапшылар жер тақтасының «жылжулары» және басқа да терең жатқан процестері туралы біржақты айтуға әлі ерте екенін, бұл салада ауқымды зерттеулер қажет екенін айтады.