Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионаты: Қатар құрамасы Эквадордан жеңіліп қалды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Қатар құрамасы Эквадорға жол берді.

21.11.2022
Жаңалықтар

Турнирдің финалдық сатысына қатарлық футболшылар тұңғыш мәрте қатысып отыр. Ал Эквадор бұған дейін үшінші рет бақ сынады.

Сондықтан қатарлық құрамаға тәжірибе жетіспеген секілді. Кездесудің алғашқы минутынан эквадорлық футболшылар алға қарай ұмтылды. Осындай сәттердің бірінде Энвер Валенсия 3-минутта қақпаны дәл көздеген еді. Алайда аталған гол ойын тәртібінің бұзылуына байланысты саналған жоқ.

Энвер Валенсия 16-минутта пенальтиден есеп ашты. Бұл — биылғы әлем чемпионатында соғылған алғашқы гол болатын. Ол 31-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде алаң иелері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Алайда, діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Осылайша Қатар футболшылары қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.

Аталған екі құрама А тобында сынға түседі. Бұл топтағы Сенегал — Нидерланды кездесуі 21 қарашада елорда уақытымен 22:00- де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, бұл күні В тобындағы Англия — Иран кездесуін елорда уақытымен 19:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport», АҚШ — Уэльс ойыны 01:00-де «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz