Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

EURO 2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға сырғыды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында бесінші турдағы тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

08.09.2023
Жаңалықтар

Аталған топтағы Дания өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдады.

Кездесу барысында даниялық футболшылар қарсыласын 4:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған топта бесінші турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндияға есе жіберді.

Бесінші турдан кейін аталған топта 12 ұпаймен Финляндия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Дания мен Словенияның еншісінде 10 ұпай бар.

Ал Қазақстан 9 ұпаймен төртінші орынға сырғыды.

Айта кетсек, ел құрамасы аталған ойынға дейін төрт кездесу өткізді.

Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

Сондай-ақ, бүгін В, Е, G топтарында ойындар өткізілді.

В тобында Франция Ирландиядан — 2:0, Нидерланд Грекиядан — 3:0 есебімен басым түсті.

Е тобында Литва мен Черногория 2:2 есебімен тең ойнаса, Сербия Венгрияға 1:2 есебімен ұтылды.

Ал G тобында Чехия мен Албания 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Польша Фарер аралдарын 2:0 есебімен жеңді.

Тегтер: Қазақстанфутбол

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz