Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза болған әйелдің анасы ерлі-зайыптылар есік ашпағанын төтенше жағдайлар департаментіне мәлімдеген.
ТЖ кезекші наряды пәтердің есігін ашқан кезде 1996 және 1992 жылдары туған ер мен әйелдің денесін тапқан.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.