Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕО Ресеймен жұмыс істеген қазақстандық компанияларға санкция салды

Еуропалық Одақ «Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін қолдағаны үшін» бірқатар компанияларға, соның ішінде қазақстандық компанияларға қарсы санкция салды. Бұл туралы Еуропалық кеңес жариялаған құжатта жазылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам, Саясат

Кеңес Ресейдің Украинаға қарсы соғыста әскери-өндірістік кешенін тікелей қолдайтын 27 жаңа ұйымды қосты. Бұл ұйымдардың кейбірі үшінші елдерде орналасқаны, олардың тізіміне Қазақстан да кіретіні атап өтілді. Басқа елдерге Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Сербия, Таиланд және Түркия кіреді.

Баспасөз хабарламасындағы мәлімет бойынша, осы елдердің компаниялары сауда шектеулерін айналып өтуге тартылған, ал басқалары Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені үшін электрон компоненттерді әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге қатысатын ресейлік ұйымдар.

«Оларға қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологияларға, сондай-ақ Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік секторын технологиялық тұрғыдан нығайтуға ықпал ететін тауарлар мен технологияларға экспорттық шектеулер күшейтіледі», — делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы ЕО шектеу шаралары қазіргі уақытта 2 мыңнан аса жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

Тегтер: Басты жаңалықтарЕуропаРесей

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz