Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Енді менің көмектесетін кезегім келді» — Елена Рыбакина жүлде қорын қалай жұмсайтынын айтты

Елена Рыбакина ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесу барысында "Уимблдон" турнирінің чемпионына берілген жүлде қорын қалай жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

12.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Рыбакинаға «Уимблдон» турниріндегі жеңісі үшін 2 миллион фунт, яғни 1,1 миллиард теңге тиесілі. Теннисші қаражаттың бір бөлігін қайырымдылыққа және жас спортшыларды қолдауға жұмсайтынын жеткізді.

«Қазақстандықтар әлемнің ең атақты теннисшілерімен сіздің ойыныңызды бақылап отырды. “Үлкен Дулыға” турнирінде жеңіске жетіп, сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті танымал етуге баға жетпес үлес қостыңыз. Бұл жеңіс көптеген жас спортшыларды ынталандырады деп сенемін», — деді Әлихан Смайылов.

primeminister.kz

Өз кезегінде Елена Рыбакина марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезетінін айтты.

«Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен жарыс кезінде зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім келді», — дейді спортшы.

Кездесу барысында теннисші алдағы жоспары туралы да айта кетті.

«Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындаламын. Биылғы мақсат — әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат — бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын», — дейді Елена Рыбакина.

Айта кету керек, кездесу барысында үкімет басшысы теннисшіге II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

primeminister.kz
primeminister.kz

 

Тегтер: елена рыбакинаҚР Премьер-МинистріУимблдон

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz