Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Жаңа оқу жылы: өзгерістер

1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптағы барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі.

18.08.2023
Саясат

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндау кезінде айтты.

«Қазір мектеп алдындағы даярлыққа байланысты тиісті жұмыстар іске асырылып жатыр. Бірінші кезекте тәрбиешілердің еңбекақысы 30 пайызға көтеріліп жатыр. 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардағы 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Балабақшада 30 мың орын ашылып отыр және жылдың аяғына дейін тағы да 51 мың орын ашу жоспарланған. Қазіргі кезде балалардың 89 пайызы (2-ден 6 жасқа дейінгі) қамтылған. Сонымен қатар жылдың соңына дейін кезектілік мәселесі бойынша бірыңғай база іске қосылады», — деді Ғ. Бейсембаев.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардағы оқушылар 100% мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құрады. Осы орайда 460 мың оқушыға материалдық көмек беру жоспарланған.

«1 қыркүйектен бастап 1,4 млн бала (бастауыш сыныптардағы) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 1 қыркүйекке дейін барлық білім беру мекемесі жедел басқару орталығына, лицензияланған күзетке, дабыл жүйесіне қосылуы мәселесі толыққанды жүйелі түрде шешіліп отыр. Мектептердің 65 пайызы модернизациядан өтті. Осыған дейін 1 мың пәндік кабинеттер ашу жоспарланса, оның орнына 1700 кабинет ашылады», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін 154 мектеп пайдалануға беріледі. Мұнымен қоса, 260 мектепте күрделі жөндеумен қамтылған. Соның арасында 194-і жаңа оқу жылына дейін тапсырылады.

Ведомство басшысы биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өсіп жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ы өндіріледі

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Алматы облысында сел қаупі күшейді: тұрғындарға маңызды ескерту жасалды

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Алматы облысында баладан С гепатиті анықталды: ауруханада қызметтік тексеру басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Кемертоғанда 18 мың тұрғынды ауыз сумен қамтитын жоба іске асырылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz