Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Түкіргені үшін елордалықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды 

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда түкірген астаналықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлім етті.

12.09.2023
Саясат

«Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді», — деді Арман Айтмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Спикердің айтуынша, түкіру фактілері елордадағы базарлардың маңайында жиі тіркеледі. Арман Айтмағамбетов олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының аумағында 14 мыңнан астам камера бар. Алдағы уақытта олардың санын ұлғайту жоспарланып отыр.

Қоса кетсек, былтыр желтоқсан айында отандық телеарналардың біріне сұхбат беріп тұрып, жерге түкірген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айыппұл төлеген еді.

Тегтер: Елорда

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz