Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

"Ақордада" бес елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті

30.05.2023
Саясат

Сенім грамоталарын Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Науман Башир Бхатти, Корея Республикасының елшісі Тэ-ик Чжо, Филиппин Республикасының елшісі Игорь Гарлит Байлен, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Джанита Абейвикрема Лиянге және Ангола Республикасының елшісі Аугушту Да Сильва Кунья тапсырды.

Қ. Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.

Сондай-ақ Президент олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

«Қазақстан бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат жүргізеді. Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен тығыз қарым-қатынасқа ашықпыз. Сіздердің миссияларыңыз өте табысты болады деп сенемін. Қазақстан Үкіметі мен Президент Әкімшілігі Қазақстандағы миссияларыңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайта отырып, зор нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz