Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Шәріпханов тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

10.06.2023
Саясат

Ақорданың баспасөз қызметінің хабаралуынша, Сырым Дүйсенғазыұлы бұған дейін Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған Жарлықта.

Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісі Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Шәріпхановтың кандидатурасына келісім берді.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтың кандидатурасы қолдап, келісті.

Сырым Шәріпханов  1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазан қаласындағы М. Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор. Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы. 2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы қызметін атқарды.

Ал 2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы лауазымында болды.

Тегтер: жаңа қызметжарлықмемлекет басшысыСырым Дүйсенғазыұлы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

Алматы облысында 100 адам бір күнде 300 келі сексеуіл тұқымын жинады

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

38 жаңа нысан, 3 мың дәрігер: Алматы облысында медицина саласы қалай дамып жатыр?

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

Шарында Қызыл кітапқа енген кәмшат фототұзаққа ілінді

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

Алматы облысында 4 метрлік құдыққа құлаған ер адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz