Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Соңғы 5 жылда ауылдағы емханалардың саны 3 есе артты — Президент

2018 жылдан бастап ауылдағы емханалардың саны 3 есе артқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда осындай мәлімет келтірді.

23.10.2023
Саясат

«Кейінгі 10 жылда Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмектің кешенді қолжетімділігін кеңейтіп, ұйымдастыру саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Нәтижесінде бүгінде 6 мыңдай ұйым алғашқы медициналық көмек көрсетіп отыр. Бұл ұйымдарда 30 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Елдегі бала жасындағы халықтың бәрі алдын ала медициналық бақылаумен қамтылған. Әр ірі елді мекенде Жастар денсаулық орталығы бар. Оның үстіне жыл сайын 3 милионнан астам ересек адам скриннинг пен кәсіби тексеруден өтеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перзидент ауыл тұрғындарына медициналық қызмет алуда тең мүмкіндік ұсыну үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«2018 жылдан бастап ауылдағы емханалардың саны 3 есе артты. Телемедицина және қашықтан мониторингілеу сияқты цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл технологиялар алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруда жаңа мүмкіндіктер ашады», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Астанадағы Конгресс орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz